Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда есірткі сататын елуге жуық сайт анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  Қазақстанда есірткі сататын елуге жуық сайт анықталды, деп ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметінің компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне (KZ-CERT) сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады. 

«Қазақстандық интернет-сегментке талдау жасау барысында Қазақстан Республикасының аумағына есірткі заттарын таратқан 46 интернет-ресурс анықталды. Сатылым ірі қалалардағыдай (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Петропавл және т.б.) оларға жақын ораналасқан елдімекендерге де таратылған (Зайсан, Зыряновск, Сарань, Лисаковск және т.б)», — делінген хабарда.Мысалы, қызмет ақпарынша косметикалық заттар сататын интернет-дүкеннің бірі есірткіні де сатқан.

«Сонымен қатар Telegram мессенджерінде жабық топтар да бар болып шықты, оларға тек генерацияланған сілтеме арқылы ғана қосыла аласыз. KZ-CERT пен құзырлы органдардың бірлескен жұмысының арқасында аталмыш интернет—ресурстар бүгінгі таңда қол жетімсіз», — делінген хабарда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *