Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде терроризмді насихаттағаны үшін Сириядан келген қазақстандық 5 жылға бас бостандығынан айырылды

АҚТӨБЕ, 27 шілде.  Ақтөбеде терроризмді насихаттағаны үшін Сириядан келген қазақстандық 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазТАГ

«Сотталушы ҚР ҚК 174 бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша және ҚР ҚК 256 б. (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) бойынша айыпты деп танылсын. 1990 ж.т. Зарина Ақмалаева айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін», — деді жұма күні үкімді оқыған Ақтөбенің №2 сотында судья Әлима Әділова.

Айыптау қорытындысынан белгілі болғандай 2014 жылы Ақмалаева радикалды көзқарасты ұстанып, қызымен бірге Ыстамбул арқылы Сирияға кеткен.

«Ол жақта жүріп ол джихадқа шақырған хабарламалар жіберумен айналысқан, тіпті туған анасына да жіберген. ҰҚКД қызметкерлері аталмыш хабарламаларды тексере келе, оны айыпты деп таныды. Ақмалаева «Жусан» операциясы аясында Қазақстанға оралған сәтте бірден ұсталды. Тергеу барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келді», — деп хабардар етті Ақтөбе №2 сотының баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 9 қаңтарда белгілі болғандай, 6 қаңтарда «Жусан» операциясы барысында Сириядан 47 қазақстандық азамат қайтарылған, оның ішінде 30-ы бала, 11-і әйел болса, алты ер адам бар.

10 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 және 9 мамырда Сириядан 231 қазақстандық азамат елге қайтарылғанын мәлімдеді, оның ішінде 156-сы бала. Бұл масштабты гуманитарлық акция «Жусан» операциясының жалғасы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *