Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 

НҰР-СҰЛТАН,28 шілде. Сенбі күні Марокконың Орталық сот тергеу бюросы  елдің солтүстігіндегі Танжер қаласының маңында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланысты 5 адамды ұстады. Бұл туралы СИНЬХУА агенттігі елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 24-36 жас шамасындағы экстремистер ИМ-мен (ҚР-да тыйым салынған ұйым) байланыс орнатып, Мароккода террористік әрекеттерді ұйымдастыруды жоспарлаған.Марокконың заң құрылымдары одан әрі тергеу жүргізуде.

2003 жылдың мамыр айында Марокконың солтүстігіндегі Касабланка қаласында ауыр адам шығынына әкелген лаңкестік оқиға орын алды. Одан кейін Мароккандық билік елеулі әсер берген терроризмге қарсы алдын алу шараларын қабылдады. Бірнеше ондаған террористер тобы қирап, бірнеше жүздеген күдіктілер ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *