НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде. Ауғанстандағы жарылыс салдарынан кем дегенде үш бала қаза тауып, 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости Khaama Press агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында болған.
Жергілікті үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, мотоциклде орнатылған қолдан жасалған жарылғыш құрылғы адам көп жиналған жерде іске қосылды.
Агенттіктің мәліметінше, зардап шеккендердің арасында алты бала бар. Әзірге бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алған жоқ.