НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде. Иранның оңтүстік-шығысындағы Сараван қаласында шекарашылар 1,6 тонна есірткі тәркіледі,деп Систан және Белуджистан провинциясы Шекара әскерлерінің қолбасшысы, бригадалық генерал Мохаммади Молашахиге сілтеме жасап ИрТАГ хабарлайды.
«Тыйым салынған заттар, оның ішінде 1605 кг апиын, 18 кг героин, сондай-ақ Калашников автоматы есірткі сатушылардан тәркіленді«, — деп нақтылады ол.
Иран есірткі контрабандасымен озық күресуде. Иран полициясының күш-жігерінің арқасында жыл сайын трафиктар жойылып, апиынның әлемдік айналымының 80% — дан астамы, героин мен морфиннің 40% — ы тәркіленеді.
Есірткі заттар Ауғанстаннан Иран арқылы транзитпен Еуропа мен Америкаға жіберіледі.