Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз. Сирия бойынша келіссөздердің аясында бейсенбіде Астаналық процесс қатысушыларының екі жақты кездесулері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресей мен Иран өкілдерінің екі жақты келіссөзі жабық форматта болды. Кездесудің қорытындысы бойынша Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеме жасайды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Астаналық процестің барлық қатысушысы Нұр-Сұлтанға келді.

1-2 тамызда өтетін кездесулерге Сириядағы қақтығыстың екі тарабы да қатысып жатыр – БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар әл-Джаафари бастаған үкіметтік делегация мен Ахмад әл-Тоума бастаған қаруланған оппозиция.

Сирия үкіметі делегациясының басшысы Башар әл-Джаафари келіссөздер басталмай тұрып, тілшілерге бұл кездесудің қандай нәтиже беретінін болжау қиын екенін айтты.

Кепіл елдер арасында Ресей делегациясын президенттің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастап келді. Түркия тарапынан сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары Седат Онал қатысып жатыр. Ал Иран делегациясын сыртқы істер министрінің саяси мәселелер бойынша көмекшісі Али Асгар Хаджи басқарады.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен денсаулығына байланысты келіссөздерге қатыса алмады. БҰҰ делегациясын оның орынбасары бастап келді.

Алғаш рет қадағалаушы ретінде Ирак пен Ливан делегациялары келді.

Қызыл крестің халықаралық комитеті, БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссары басқармасының өкілдері келді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *