НҰР-СҰЛТАН, 02 тамыз. Таиланд астанасында бірнеше мәрте жарылыс болды, деп 24.kz жазады.
Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тек 3 адам жеңіл жарақат алған. Жергілікті билік жарылыстарды лаңкестік оқиға деп бағалап отыр. Теракт Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бас қосуы кезінде орын алды. Ақпарат көздері екі жарылғыш зат Прату Нам ауданында іске қосылса, қалғандары конгресс орталығының маңында және метро мен тағы бірнеше көшелерде жарылғанын айтады. Әзірге жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.