Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғыздар Сирия мен Ирактан отандастарын елге қайтаруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 02 тамыз.Қырғызстандық бір топ азамат Таяу шығыстағы соғыс аймағына осы елден кеткен отандастарын елге қайтаруға септесуге ынта білдіріп отыр. Бастамашыл топ Сирия мен Ирактағы әйелдер мен балалардың жол шығынын төлеуге әзір екендерін айтып, биліктен осы іске жәрдемдесуін сұрайды,деп kazislam. kz хабарлайды.

Бішкекте 1 тамызда өткен баспасөз жиынында олар Ирак лагерлеріндегі қырғызстандық 150 әйел мен баланы қыркүйек айында елге қайтаруға даяр екенін мәлімдеді.

«Бастама көтеріп отырғандар көптің аузында жүрген я экраннан жиі көретін танымал адамдар емес, қарапайым бизнесмендер. Негізгі месседж — сонда жүрген азаматтарымызды алып шығу үшін бірігу. Содырлар туралы айтып тұрған жоқпыз. Олардың бағасын сот береді, біз әйелдер мен балалар туралы айтып отырмыз» — деді бастамашыл топ өкілі Кубанычбек Токтосунов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *