НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. Бразилия абақтысының тәртіп сақшылары есіркі таситын көгершінді ұстады,деп 24.kz хабарлайды.
Қолға үйретілген құстың арқасына ілінген шағын сөмкеде аймақтағы атышулы First Capital Command атты қылмыстық топтың белгісі бар. Болжам бойынша олар көгершінді есірткі тауарын немесе қылмыстық топ мен қамауда отырғандар арасында құпия хат-хабар жеткізу үшін қолданған. Алайда тергеу ісі әзірге еш нәтиже берген жоқ.