Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарағандыда 1 гектар жерге қарасора егілген

Қарағанды, 07 тамыз. Қарағанды қаласының маңында 1 гектар жерге егілген қарасора анықталды. Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.

Есірткі заты жасалатын шөптің иесі табылмағанымен полицейлер жабылып жүріп «жаман шөптің» көзін құртты.

Айдалада өскен өсімдіктің есірткі екенін жұмысына төселген мына қара ит те растаған. Арасына кіріп шығып, қыңсылаған соң полицейлерде шүбә қалмады. Ең қызығы қала іргесінде 1 гектар жерде өсіп тұрған қарасораны осы уақытқа дейін ешкім байқамаған болып тұр. Бір тұрғын ғана зер салып қараған соң полицейлерге хабарлапты. Тәтіп сақшылары бұл өсімдіктер біреудің бағып қағуынсыз жабайы түрде таралғанын айтып отыр. Дегенмен, осы жерден жиналған есірткі өнімінің салмағы 400 келіден асып түскен.

«Қарасораның бір түбін де қалдырмай жұлып жинадық. Енді сараптама тағайындалып, қортындысы шыққаннан кейін мұның барлығының көзі жойылады. Арнайы комиссияның көзінше қаладағы бір мекеменің пешіне жағылады»‘-Қарағанды облыстық ПД есірткі қылмысымен күрес бөлімінің бастығы Александр Базук.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *