НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. Шығыс Қазақстан облысының есірткі полицейлері шартты түрде «скорость» деп аталатын психобелсенді заттардың жаңа түрлерін өткізудің 3 фактісін анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде үш сатушыдан синтетикалық есірткінің бірнеше дозасы анықталып, тәркіленді.
Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кету қажет, осы жылғы 5 шілдеде бақылауға алынған есірткі заттарының тізімін жаңа психобелсенді заттармен барынша қысқа мерзімде толықтыруға мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулер күшіне енді. Бұл тізімдер қазір барлық белгілі есірткілер мен сол тектестерді қамтиды.
«Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта полиция синтетикалық есірткіні таратудың 56 фактісін анықтады, оның ішінде 28 есірткі өткізу фактісі. 2,6 кг жаңа психобелсенді заттар, оның ішінде 1 799 таблетка экстази тәркіленді», — делінген хабарламада.