НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. Идлиб провинциясында Хан-Шейхун қаласында содырлардың форпостына шабуыл жасаған Сирия әскері «Джабхат ан-Нусра» террористік ұйымы жағында соғысқан «Джейш әл-Ахрар»экстремистік тобының үш далалық командирлерін жойды. Деп Al-Masdar-ға сілтеме жасап RT хабарлайды.
Порталдың мәліметтері бойынша, командирлер Сирия армиясымен Сукейка қаласына шабуыл кезінде жойылды.
Сондай-ақ, Сирияның үкімет әскерлері операция қорытындысы бойынша жаудың қорғаныс шебін бұзды.
Бұған дейін Сириядағы қарсылас тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығы содырлар 30 сириялық елді мекенге оқ атқаннын хабарлаған.