Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия ІІМ желісі бойынша іздеуде жүрген лаңкестер елдің шығысында бейтараптандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Күрдістан жұмыс партиясының (КЖП) содырлары Битлис провинциясында бейтараптандырылды, деп ТР ІІМ сілтеме жасап  АНАДОЛУ агенттігі хабарлайды.

Битлис провинциясында түрік жандармериясының қызметкерлерімен бейтараптандырылған төрт лаңкестің  екеуі Түркия ІІМ желісі бойынша іздестіріліп жатқан аса қауіпті қылмыскерлердің «сұр тізімінде» болған.

Эюп Чечан мен Мустафа Яман туралы айтылған, деп Түркия ІІМ хабарлайды.

Оларды ұстау үшін 300 мың түрік лирасы мөлшерінде сыйақы тағайындалған.

КЖП лаңкестері өзі туралы алғаш рет 1984 жылы мәлімдеген.

Кейін КЖП лаңкестері Түркиядағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін қанды терактілер жасады.

АҚШ пен Еуропалық Одақ КЖП лаңкестер ұйымдар тізіміне енгізді.KЖП лаңкестік ұйымы Түркияның мемлекеттік құрылымдары мен азаматтарына қарулы шабуыл жасайды.

Анкараның орын алған жағдайды реттеу жолдарын табуға талпынысына қарамастан, KЖП лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Осы уақыттан бері 500-ге жуық бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік күштерінің 800 қызметкері қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *