Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Екатеренбург-Түмен тас жолында сегіз келі есірткі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз. Екатеринбург – Түмен федералды тас жолында көлігінің жасырын жерінде сегіз килограмм синтетикалық есірткі табылған Приморье тұрғыны ұсталды,деп аймақ бойынша РФ ІІМБ сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Тексеру барысында полиция қызметкерлері көлік құралындағы жасырын жерінде  ақ түсті ұнтақ тәріздес заттар салынған пакеттері бар  екі шелек тегістегіш тауып алды.  Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат салмағы сегіз килограмнан асатын синтетикалық есірткі болып табылады», — делінген ведомство хабарламасында.

Мәскеу нөмірлері бар Екатеринбург-Түмен федералдық тас жолыныда тоқтатылған автокөлік жүргізушісінің мінез-құлқына Мемлекеттік жолда жүру қәуіпсіздік инспекциясы қызметкерлері назар аударды. Автокөлікті «тыйым салынған заттарды немесе қару-жарақты тасымалдауға» тексеру кезінде жасырын жерден ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған пакеттер табылды.

Полиция қызметкерлері 26 жастағы Приморье өлкесінің тұрғыны РФ субъектілерінің бірінде арнайы жабдықталған жасырын жерден есірткі заттарын алып кеткенін анықтады.Кейін оларды тарату үшін басқа өңірлерге жеткізуі керек еді.

Қазіргі уақытта аса ірі көлемде есірткі өткізуге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түмендік полиция қызметкерлері басқа аймақтардағы әріптестермен өзара әрекеттесіп  есірткі трафигінің тізбегін анықтауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *