Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері Ақмола облысында 425 келі есірткі заттары тәркіленді

КӨКШЕТАУ, 17 тамыз. Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс көлемінде тәртіп сақшылары есірткімен айналысқан 69 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 425 кг әр түрлі есірткі заттары тәркіленген.Бұл туралы  облыстық полиция департменті бастығының орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті, деп kokshetautv хабарлайды. 

Әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі – есірткі саудасы.Бұл біздің еліміз үшін де ерекше түйткіл. Тіпті, соңғы уақытта Қазақстанда ғаламтор арқылы ашық түрде есірткі саудалайтындар жайында жиі сөз болып жүр. Салдары ауыр болатын мұндай саудаға қалай тосқауыл қоюға болады? Бұл – еліміз үшін күн тәртібіндегі негізгі сауалдардың бірі. Сондықтан есірткі саудасымен күресудің сан түрлі жолы ұсынылуда.Оған байланысты аймақта  түрлі рейдтерде ұйымдастырылуда.Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап наркологиялық орталықтың есебінде 531 адам тұр. Оның ішінде 384-і иньекциялық есірткі қабылдайтындар.

«Заңсыз айналымнан барлығы 425 кг әр түрлі есірткі есіртікі заттары тәркіленді.Оның ішінде героин 117 гр,марихуана 2 кг нан аса,гашиш 25 кг,экстрациялық опий 72 грамм,каннабис тектес өсімдік 393 кг.Сонымен қатар,полиция департаменті 69 қылмыстық есірткі құқықбұзушылығын анықтады»,- деп мәлімдеді  Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Әленов.

Шаһарда арнайы операция өткізу барысында облыс аумағына аса ірі көлемде гашиш есірткісін жеткізіп,сатумен айналысқан Нұрсұлтан қаласының және Жамбыл облысының екі тұрғыны ұсталды.Нәтижесінде 25 кг-нан аса гашиш тәркіленген. Сөйтіп,10 жыл бас бостандығынан айырылды.Сондықтан талайдың санасын улаған безбүйректер азаяр деген үміт мол. Ал осының түпкі тамырын анықтап, жою құзырлы органдармен бірге, әр адамның азаматтық борышы деп білуіміз керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *