НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Екатеринбургте «Кольцово» әуежайының кеденшілері жолаушының жүгінен экстремистік әдебиетті тапты. Бұл туралы REGNUM АА тілшісіне Орал кедендік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ер адам өзінің танысынан жолға діни әдебиетті алған жергілікті тұрғын болып шықты. Кітаптар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде кітаптардың бірі экстремистік болып табылатыны және әдебиеттердің тиісті федералдық тізіміне енгізілгені анықталды.
Тәртіп бұзушы-жолаушыға қатысты оны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы шілдеде Красноярск қаласында жолжүгінде тыйым салынған әдебиетті тасымалдаған Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған және сот оған бір мың рубль мөлшерінде айыппұл тағайындады.