НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Краснояр өлкесінің полицейлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы аймақ бойынша ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Интерфакс хабарлайды.
«Норильск қаласының есірткі айналымын бақылау бөлімінің қызметкерлері пошта ғимаратынан ішінде ұнтақ тәріздес зат салынған пластик қорапты тәркіледі. Жүргізілген зерттеу көрсеткендей, бұл салмағы 1 келіден асатын синтетикалық есірткі»,-делінген баспасөз хабарламасында.
Сәлемдеме иесі 23 жасар жергілікті тұрғын болып шықты, ол ұсталды.
Ер адамға қатысты РФ ҚК 30 бабы 3 бөлімі, 228.1 бабы 5 бөлімі (есірткі заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз өткізуге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.