НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Мәскеуде «Билайн» ұялы байланыс операторы компаниясының бас кеңсесінде қызметкерлер эвакуацияланды. Бұл туралы шұғыл қызметтеріндегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды.
Агенттіктің ақпараты бойынша, белгісіз тұлғадан 8 Март көшесі, 10 үй, 14 құрылыс мекен-жайында орналасқан ғимаратта жарылыс қаупі туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел қызмет қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін ғимараттан 20-ға жуық адам шығарылды. Қазіргі уақытта аумақты кинологтар итпен тексеріп жүр.
«Билайн» баспасөз қызметі 8 Март көшесіндегі кеңседе қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшіру және жарылыс қауіпі туралы анонимдік хабарламаның келіп түскені туралы ақпаратты растады. Компания оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ деп мәлімдеді.