Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның солтүстігінде талибтердің шабуылынан 11 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 27 августа. Ауғанстанның солтүстіктегі Джаузджан  провинциясында укімет  жасақтары мен «Талибан» радикалды қозғалысының содырларымен қақтығыс болды (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым). Бұл туралы «Синьхуа»агенттігіне сілтеме жасап Regnum  хабарлайды.

Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, 26 тамыз күні кешкісін тәлібтер  (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) бірнеше бақылау-өткізу пункттеріне бірқатар шабуыл жасаған. Үш террорист жойылып, тағы үшеуі жарақат алды. Ұрыстың нәтижесінде 11 үкімет сарбаздары қаза тапты.

Бұған дейін хабарланғадай 24 тамызда Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының содырлар тобы (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) Нангархар провинциясының полиция учаскесіне шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан үш полицей қаза тауып,екеуі жарақат алды.

Кеше, 26 тамызда, Кабулдан шығысқа қарай 120 шақырым жерде Джалалалабад қаласындағы Пәкістан Бас консулдығының күту аймағында жарылыс болды. Бір полицей мен екі келуші зардап шекті. Орын алған оқиға үшін жауапкершілік бірде-бір топ өзіне алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *