НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. Малайзияның Ішкі істер министрі Мухиддин Яссин елдің полициясы соңғы айда лаңкестік әрекетке байланысты 519 адамды ұсталды деп мәлімдеді. Бұл туралы Sindonews агенттігіне сілтеме жасап Regnum хабарлайды.
«Бұл адамдар қылмыстық құқық контекстінде террористік деп саналатын іс — әрекетке қатысы бар екені анықталды және осы іс-әрекеттің нәтижесі қауіп төндіреді. Күдіктілер арасында Малайзия азаматтары да, шет ел азаматтары да бар», — деп мәлімдеді Малайзия ІІМ басшысы.