НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Иранда Захедан провинциясының оңтүстігіндегі Никшахр фермасында 1789 келі апиын табылған. Бұл туралы провинция командирі генерал Мохаммад Ганбари мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.
«Кешенді жедел-іздеу шараларының нәтижесіндепровинция полициясы елдің оңтүстігіндегіі қалалардан Захеданға есірткі партияларының тасымалдануын білген. Есірткінің Никшахрдағы сақталған орнын тауып, 1789 елі апиын тәркіледі»,- деп мәлім етті Ганбари.
Иран полициясының күшімен жыл сайын апиынның әлемдік айналымының 80 пайызынан астамы, героин мен морфиннің 40 пайызы тәркіленеді.
Есірткіні елге Ауғанстаннан әкеледі.