Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанда терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Нұриймон Абулхасан жаңа қызметке тағайындалды. Дерек көзі бойынша Нұриймон Абулхасан Өзбекстан Республикасы ІІМ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп Kun.uz хабарлайды.

Дін істері комитеті төрағасының орынбасары- діни-әлеуметтік процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры Нұриймон Әбілхасан, 1994 жылы Ташкент Ислам институтын және 1997 жылы Египеттегі Ал-Азхар университетін бітірген. Бұрын Дін істері комитетінде, Президент аппаратында және ІІМ жүйесінде жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2018-2019 жылдары ІІМ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Бас басқармасының бастығы полковник Дониер Кодиров болды. 2019 жылдың наурыз айында ол ІІМ Көліктегі қауіпсіздік Бас басқармасының бастығы, ал осы жылдың маусым айынан бастап – Көлік және туризм объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *