Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда ер адамнан 500 данадан астам «экстази» тәркіленді

АЛМАТЫ, 06 қыркүйек. Алматыда контрабандалық жолмен Еуропадан ірі көлемде есірткі заттарын өткізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 тамыз күні Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ҚР азаматы ұсталды. Оған Еуропадан пошта арқылы есірткі заттары жеткізілген. Тексеру кезінде  500-ден астам дана «экстази» дәрілері, яғни психотроптық заттар табылды. Контрабандалық жолмен жеткізілген есірткі заттары  тәркіленді», — делінген ҚР Қаржы министрлігі ҚМК экономикалық тергеу қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта Тергеу департаменті ҚР ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігіне сәйкес (тәркіленген заттарды немесе таралымы шектеулі заттарды контрабанда) күдікті  сот қаулысымен екі айға қамауға алынды.

Оған мүлкін тәркілеу және 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *