Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ Қазақстанға балаларды экстремистерден қорғауға көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 06 қыркүйек. БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) террористік және зорлық-зомбылық экстремистік топтар тарапынан балаларды тартуға қатысты алдын алу және әрекет ету шаралары мәселелері бойынша Қазақстанда консультативтік миссия өткізеді, деп ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің  Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап bilimdinews.kz хабарлайды.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері БҰҰ ЕҚБ өкілдерімен кездесіп, балаларға арналған сот төрелігі мәселелерін, террористік және зорлық-зомбылық экстремистік топтармен балаларды тарту және оларды пайдалану мәселелерін талқылады.

БҰҰ ЕҚБ қызметкерлері балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа және терроризмге қарсы күрестің көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында арнайы техникалық көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Тараптар 2019 жылдың 6 қыркүйегінде алқасөз  отырысында талқыланған мәселелер бойынша қорытындылар мен ұсынымдармен бөлісуге келісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *