НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Қазақстан әскери қызметкерлері “Орталық-2019” халықаралық әскери оқу-жаттығуларына қатысу үшін Орынбор облысына барады. Әскери іс-шара осы жылдың 9-23 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус-Бек Евкуровке сілтеме жасап ЭХО Казахстана хабарлады.
“Орталық-2019″ оқу-жаттығуының негізгі кезеңі Орынбор облысындағы Донгуз полигонында өтеді. Бірқатар тактикалық маневрлер басқа мемлекеттердің полигондарында пысықталатын болады – Қазақстанда төрт полигон, Қырғызстандағы бір полигон және Тәжікстандағы 201-ші Ресей әскери базасы іске қосылады”, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша “Орталық-2019″ әскери оқу-жаттығуларына Қазақстан мен Ресейден басқа Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің, атап айтқанда, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның әскери қызметкерлері қатысады.