НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек. ФҚҚ қызметкерлері лаңкестерді қаржыландыруға белсенді қатысқан Дағыстанның үш тұрғынын ұстады. Бұл туралы 9 қыркүйекте Ресей ФҚҚ өңірлік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Өңірлік ведомствоның жедел ақпараты бойынша, ұсталған азаматтар «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) қызметін қаржыландырды деп күдіктенеді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілер жүйелі түрде ақша жинап, оларды Сирия аумағында орналасқан содырлардың банктік карталарына аударған.
Күдіктілерді ұстау Ресейдің Бас тергеу басқармасымен террористік іс-әрекетке жәрдем беру туралы бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жасалған.