Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

100 келіден астам есірткі саудалаған ШҚО-ның екі тұрғыны 11 жылға сотталды

ӨСКЕМЕН, 12 қыркүйек. ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті каннабистік топтағы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар ҚР азаматтары М. Бейсембаев пен Д. Ережеповтің  заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Атап айтқанда, 2019 жылғы 27 наурызда ҰҚКД көрсетілген адамдарды салмағы 82 кг 343 г есірткі құралдарын өткізбекші болған кезде ұстады.

Одан басқа, Д. Ережеповтің гаражында және автомашинасында тергеу іс-қимылдары кешенін жүргізу барысында қосымша 32 кг 228 г марихуана мен 855 г гашиш алынды.

Нәтижесінде алынған есірткінің жалпы салмағы  114 кг 571 г марихуана мен 855 г гашишті құрады.

2019 жылғы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Бейсембаев пен Д. Ережепов ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *