Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияда соғыстың аяқталғанын хабарлады, деп Айқын газеті жазады.

«Сириядағы соғыс шынымен аяқталды. Мемлекет ақырындап бейбіт өмірге аяқ басып келеді», — деді Лавров.

Ол Сирия Араб Республикасы үкіметінің бақылауында жоқ аймақтарда ғана шиеленістің барын алға тартты. Бұл аймақтар – Идлиб және Евфраттың шығыс жағалауы.

Министр Сирияның топырақ бүтіндігін қалыпқа келтіру үшін Ресей жәрдем ететінін айтты. Лавровтың сөзінше, соғыстың салдарын еңсеру Таяу Шығыстағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Сәуірде Ресейдің Бас штабы Сирияда соғыстың аяқталғанын, елде ірі ауқымдағы ұрыс операцияларының жүрмейтінін хабарлаған еді.

.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *