НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек. ФҚҚ красноярдық жедел уәкілдері лаңкестікке шақырған сотталушының әрекетін тоқтатты,деп Красноярск өлкесі бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Краснояр өлкесі бойынша Ресей ФҚҚБ жазасын өңірдің түзеу мекемелерінің бірінде өтеп жатқан Дағыстан Республикасы тумасының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті… Заңсыз қарулы құрылымдарды ұйымдастыруға, қару — жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына,қарулы бүлікке және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қол сұғуға байланысты бірқатар аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азамат қамаудағылар арасында халықаралық лаңкестік ұйымдар мүшелерінің қызметін жария түрде ақтап, лаңкестік іс-әрекетті жүзеге асыруға шақырды», — делінген хабарламада.
Мекемеден хабарлағандай, бұл азамат өткен қылмысы үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ресей Федерациясының ҚК 205 бабының 1 бөлігі бойынша лаңкестікке жария түрде шақыру үшін оған қатаң режимдегі колонияда 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.