НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек. Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Суданды АҚШ-тың «қара тізімінен» (лаңкестікті қолдайтын мемлекеттердің)шығаруды талап ететінін мәлімдеді, деп Le Figaro сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды.
Жан-Ив Ле Дриан Хартумға (Судан) сапары кезінде Суданды халықаралық қоғамдастыққа қайта ықпалдастыру туралы айтты.
«Осы тізімнен Суданды алып тастау үшін біз ықпалымызды тигіземіз, бұл Суданға қаржы институттарымен жаңа қарым — қатынас орнатуға мүмкіндік берер еді»,-деп мәлімдеді француз дипломатиясының басшысы әріптесі Асма Мухаммед Абдалламен болған баспасөз мәслихатында.
Басылым атап өткендей, Суданның АҚШ-тың «қара тізіміне» ондаған жылға қосылуы және 20 жылға (1997-2017) енгізілген санкциялар Суданды оқшаулап, оның экономикасына зиян келтірді.