НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек.»Батыс Африка елдерінің экономикалық қоғамдастығына» (EKOWAS ) кіретін елдердің көшбасшылары өңірдегі күшейіп келе жатқан «исламшыл қаупімен» күреске $1 млрд бөлуді міндеттелді. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі EKOWAS өңірлік блогы басшысының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп REGNUM жазады.
EKOWAS-тың Батыс африкандық блогының он бес мүшесі, олардың ішінде — Мавритания мен Чад президенттері Буркина-Фасоның астанасы Угадугуда қауіпсіздіктің жоқтығының өсіп келе жатқан мәселесін шешу үшін кезектен тыс кездесуге жиналды.
EKOWAS-тың Комиссия төрағасы Жан-Клод Касси Бру комиссия «терроризмге қарсы күрес бойынша бірлескен күш-жігерге қаржылық және шұғыл үлес қосу» туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді және 1 млрд АҚШ долларын бөлуге уәде берді.
Агенттіктің ақпараты бойынша, «Әл-Каидамен» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) және «Ислам мемлекеті» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) байланысты топтар осы жылы Сахель аймағында өз позицияларын нығайтты. Олардың белсенділігі жергілікті этникааралық зорлық-зомбылықты, әсіресе Мали мен Буркина-Фасода өршітуге ықпал етті.