Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кабардин-Балқарда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек.Кабардин-Балқар Республикасының Чегема қаласының бөлігінде терроризмге қарсы операция (ТҚО) режимі енгізілді. Бұл туралы өңірлік жедел штаб хабарлады, деп РИА Новости жазады.

Айта кетейік, жақында құқық қорғау органдарына лаңкестік әрекеттерді жоспарлап отырған экстремистер мен олардың көмекшілерінің орналасуы мүмкін орны туралы белгілі болды.

«05:00-ден бастап КБР Чегем муниципалды ауданының Чегем қаласының  Кяров көшесі, 2-ші Өнеркәсіптік өткел, Чегем өзенінің арнасы, Чегемнің шығыс шеті бөлігінде терроризмге қарсы операция жүргізу және ТҚО құқықтық режимін енгізу туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бас басқармасының бастығы полиция генерал-майоры Олег Ильиныхтың айтуынша, 2019 жылы Ресейдің 17 өңірінде, соның ішінде Кабардин-Балқарда  «Ислам мемлекетінің» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жасырын ұяшықтары анықталды.

Тамыз айының соңында республикада соңғы ірі операция өтті. ФҚҚ лаңкестік әрекеттердің алдын алды, қуаты күшті қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларың тауып, зиян келтірмейтіндей қылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *