НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек. ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл Бас басқармасының бастығы полиция генерал-майоры Олег Ильиных Ресейдегі заңсыз құрамалармен күрес туралы айтып берді, деп РИА Новости хабарлады.
Оның сөздері «Ресей полициясы» журналындағы «Өшпенділік пен алауыздыққа жол бермеу» мақаласында келтірілген.
Ильиныхтың мәліметінше, 2019 жылы полиция ФҚҚ-мен бірге 17 өңірде «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) лаңкестерінің жасырын ұяшықтарын анықтады:
— Краснодар өлкесінде
— Ставрополь өлкесінде
— Краснояр өлкесінде
— Мәскеуде
— Астрахан облысында
— Владимир облысында
— Мәскеу облысында
— Ростов облысында
— Самара облысында
— Саратов облысында
— Тюмен облысында
— Дағыстанда
— Адыгейде
— Кабардин-Балқарда
— Шешенстанда
— Ханты-Манси автономиялық округінде
— Ямал-Ненец автономиялық округінде.
Бірінші жартыжылдықта террористік сипаттағы 972 қылмыс тіркелді, деп толықтырды ол.
Шілде айының соңында Бас Прокурордың бірінші орынбасары Александр Буксман лаңкестіктің алдын алу тәжірибесі тұрақты — жыл басынан бері 20-ға жуық оқиға болғанын хабарлады
Соңғы ірі операциялардың қатарында — тамыз айының соңында Кабардин-Балқардағы лаңкестік әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ шілденің соңында Татарстанда «Ислам мемлекетінің» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жақтастарын ұстау.