НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Колумбиялық ұлттық әскери-теңіз күштері құны 500 миллион АҚШ доллары шамасында болатын сегіз тонна кокаинды ұстап алды, деп Noticias Caracol телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Хабарланғандай, есірткі заттар Тумако муниципалитетінің жағалауына жақын жердегі жартылай батпалы сүңгуір қайықта болған, Орталық Америкаға өткізілмек болған.Жүктің кімге тиесілі екені туралы мәліметтер келтірілмейді.
Телеарна мәліметтері бойынша, осындай жолмен тасымалданатын бұл «тарихтағы ең ірі » есірткі партиясы.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, жыл басынан бері осындай 20 қайық анықталды.