Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Орталық — 2019» оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Оқу-жаттығуға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан елдерінің әскери қызметшілері, 20 мың бірліктен астам әскери техника мен қару-жарақ, 600 шамасында ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылған, деп NUR.KZ хабарлайды.

Оқу-жаттығу броньды транспортерлер, жаяу әскер жауынгерлік машиналары, танкілер, жойғыштар, әскери-көлік ұшақтары, жауынгерлік тікұшақтар, тактикалық зымыран кешендері және артиллериялық қару-жарақтар қолданылды. Сонымен қатар әскери түрлер, арнайы әскерлердің, материалды-техникалық және медициналық қамтамасыз ету бөлімшелері тартылды. Оқу-жаттығу барысында заманауи әскери қақтығыстардағы тәжірибені ескере отырып ұрысты бастаудың жаңа түрлері мен тәсілдері қолданылды.

Белсенді фазаның шарықтау шегі бөлімшелер негізгі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындаған кезде жүзеге асты. Халықаралық форматта әскери контингенттер бірнеше тактиакалық эпизодтарды орындады. Олар:

— барлау-оқ ату және барлау-соққы беру әрекеттері;

— бастырмалы оқ атумен зақымдауды жүргізу;

— шабуылға көшкенде басып алынған шепті ұстап тұру;

— тактикалық және жедел десант тарды түсіру.

Бөлімшелер заңсыз әскери құрылымдарға шабуылдау бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады. Әскерлердің тәжірибелік әрекеттерін Ресей және Қырғызстан президенттері, сондай-ақ Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің қорғаныс ведомство басшылары бақылады. Халықаралық оқу-жаттығудың нәтижесі бойынша ерекшеленген әскери қызметшілерді медальдармен марапаттады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *