НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек. Алты елде жүргізілген Интерполдың халықаралық операциясы лаңкестікке қатысы бар 12-ден астам күдіктіні анықтауға мүмкіндік берді, делінген ұйым хабарламасында, деп РИА Новости жазады.
«Теңіз шекарасындағы Интерполмен үйлестірілген операция Жерорта теңізін кесіп өткен шетелдік лаңкестер-содырлар болып табылатын күдікті адамдардың оннан асасын анықтауға мүмкіндік берді», — деп жазылған құжатта
24 шілде мен 8 қыркүйек аралығында өткізілген Neptune II операциясының мақсаты «Солтүстік Африка мен Оңтүстік Еуропа арасындағы теңіз байланыстарын жоғары туристік маусымның қызу кезінде пайдалануға күдікті адамдардан» төнетін қауіп-қатерді анықтау болды.
«Жергілікті жерлердегі Интерполдың қолдауымен, операцияның мақсаты мигранттардың трафигіне, қару — жарақ пен есірткінің, адамдардың контрабандасына тартылған қылмыстық желілерді табу болды», — деп атап өтті Интерполда.
Операция Алжир, Испания, Франция, Италия, Марокко және Тунисте өткізілді. Операция 31 жаңа іс қозғауға мүмкіндік берді, оның 12-і лаңкестікке күдікті адамдардың қозғалысына байланысты.