НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Нигерия әскері «Боко Харам» радикалды тобының содырларына көмектескен «Аштыққа қарсы әрекет» (Action against Hunger) халықаралық гуманитарлық ұйымын айыптап, оны «нон грата тұлғасы» деп жариялады, деп РИА Новости хабарлайды.
Бұған дейін Premium Times басылымына сілтеме жасай отырып хабарланғандай, Нигерияның әскери қызметкерлері Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы «Аштыққа қарсы әрекет» халықаралық үкіметтік емес ұйымының бөлімшесін қоршап, жауып, қызметкерлеріне ішке кіруге рұқсат етпеген. Біраз уақыттан кейін Йобе штатындағы Даматуру қаласындағы кеңсе жабылды.
Әскер бөлімшелерінің бірі «террористтерге және олардың зұлымдықтарына көмектесуден» бас тарту талабымен гуманитарлық ұйымға бірнеше рет ескерту еткен. Алайда, әскерилердің айтуынша, «Аштыққа қарсы әрекет» ұйымы «бүлікшіл қызметің жалғастырды».
«АAH (Action against Hunger — ред.) «Боко Харам» террористеріне көмек көрсеткені үшін нон грат тұлғасы болып жарияланды…. өйткені ескертулерге қарамастан, оларды азық — түлікпен және дәрі-дәрмекпен жабдықтаған», — делінген ел әскерінің Twitter-де орналастырылған релиз мәтінінде.
Сондай-ақ, ел әскері «сенімді барлаушыларының ақпараты» бар екенін атап өтті, онда AAH қызметкерлері «аймақтағы қылмыскерлерге азық-түлік пен есірткі жеткізгені» атап өтілген.
«Боко Харам» – көбінесе Нигерияда әрекет ететін радикалды исламшыл тобы. Оның содырлары білім берудің батыс моделіне қарсы шығып, бүкіл ел бойынша шариғатты енгізуге қол жеткізбек. Топ Нигер, Камерун және Чад елдері оларға қарсы өткізетін әскери кампанияға жауап ретінде жиі жасалатын терактілердің көпшілігіне жауапты.