НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. «Ислам мемлекетінің» содырлары (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) соңғы айларда Буркина-Фасоның қарулы күштеріне қарсы жойқын шабуылдарының бірі үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі содырлардың шабуылын қадағалайтын сайттың хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлады, деп REGNUM АА жазады.
Шабуыл елдің Сум солтүстік провинциясының Кутугу қаласында 20 тамызда орын алды. Шабуыл барысында содырлар 24 сарбазды өлтіріп, тағы жеті адамды жарақаттады. Сол кезде шабуыл үшін жауапкершілікті ешқандай террористік ұйым алған емес.
20 қыркүйекте шыққан «Ислам мемлекеті» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) мәлімдемесінде шабуылды топтың батыс африкандық филиалының содырлары жасады деп айтылған.