Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасау қажет» — Назарбаев

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек. Халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін жасау керек. Бұл туралы бүгін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Парламентаралық қоғамдастық ішіндегі қатарды жұмылдыру және заңнамалық трендтердегі бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру қажет. Құқықтық актілерді ізгілендіру бөлігінде біраз шаруа жатыр. Өйткені, терроризмнің жалпы анықтамасын әзірлеу, террористік, экстремистік ұйымдардың, халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін жасау маңызды. Сондай-ақ, әлемдік экономиканы жаңа цифрлық дәуірге, жасанды интеллект дәуіріне көшіру барысындағы құқықтық базаны әзірлеу жұмыстары да өзекті», — деді Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президенті электронды және крипто-әмианды пайдалану арқылы Интернетпен есірткі сату ісіне заңнамалық тосқауыл қоя мәселесіне де назар аудартты.

«Халқымыздың «Елді талант ұшырар, құсты қанат ұшырар» деген ұлағатты сөзі бар. Бүгінгі басқосу халықаралық диалогты, сенімді серіктестікті нығайтуға зор үлес қосады деп сенемін. Еуразия құрлығы әрдайым әлемдік дамудың алдыңғы сапында болғанын ұмытпағанымыз жөн. Біз үлкен Еуразияның болашағын бірлесе айқындауымыз керек. Сондықтан бүгінгі басқосу осыған көп үлес қосады деп санаймын. Осындай игі мақсатты көздеген форумның жұмысы нәтижелі болсын!», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *