НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. Сәрсенбі күні Ереванда екі күндік ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арнайы қызмет және қауіпсіздік органдарының терроризмге қарсы бөлімшелері басшыларының жиыны басталды, деп хабарлайды РИА Новости.
«Екі күндік жиынға Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет өкілдері, сондай — ақ ТМД-ның Атқарушы комитеті мен салалық ынтымақтастық органдары қатысты», — деді ТМД Терроризмге қарсы орталығының басшысы Андрей Новиков.
Ұйымдастырушылардың мәліметтері бойынша, жиынның басты шарасы «Арарат-Антитеррор-2019» Достастық елдерінің құзыретті органдарының терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуларының қорытынды кезеңдерін өткізу, атап айтқанда, Арменияның ҰҚҚ бөлімшелерінің кепілге алынғандарды босату және отын-энергетика кешені объектісінде террористерді бейтараптандыру бойынша террорға қарсы операциялар жүргізуі болады.
Жиын шеңберінде сондай-ақ «Аса маңызды объектілерді террористік қауіп-қатерден қорғауды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша ғылыми орта және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ТМД ТҚО жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді.