Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек. Ауғанстанда кеше өткен президенттік сайлау кезінде лаңкестердің шабуылынан 32 адам қаза тауып, 113 тұрғын жараланды, деп 24.kz хабарлайды. 

Дауыс беру учаскелеріне 113 шабуыл жасалған. Олардың 64-ін «Талибан» радикалды қозғалысы мойынына алды.

Еске сала кетейік, кеше Ауғанстан халқы ел президентін сайлады. Саяси шара 2001 жылы «Талибан» радикалды қозғалысы биліктен құлатылғалы бері 4-рет өтіп отыр. Бұл жолғы додаға 14 үміткер түсті. Олардың арасында елдің қазіргі президенті Ашраф Гани мен Премьер-министр Абдулла Абдулла бар. Сайлаудың алғашқы қорытындысы 19 қазанда, соңғы нәтижесі қарашаның 7-сі күні жарияланады. Егер ешбір кандидат сайлаушылардың басым дауысына ие болмаса қарашаның 23-і күні екінші тур өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *