Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда Тәлібтер сайлау комиссиясының 20-дан астам қызметкері мен бақылаушыларын ұрлап әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек.»Талибан» радикалды қозғалысының содырлары президенттік сайлау кезіде  Парван провинциясындағы сайлау комиссиясының тоғыз қызметкері мен 17 бақылаушысын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Пажвак агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Талибан» радикалды қозғалысының содырлары Парван провинциясында сайлау күні Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясының тоғыз қызметкерін және 17 бақылаушысын ұрлап кеткен», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шенеуніктерге сілтеме жасап Ariana News ауғандық телеарнасы, тәлібтер сайлау комиссиясының жеті қызметкерін, сайлауға байланысты шағымдар бойынша комиссияның бір мүшесін және тағы жеті бақылаушыны ұрлап кеткенін хабарлайды.

Арнаның таратқан ресми емес мәліметтері бойынша, содырлар Кабулдағы сайлау комиссиясының жеті қызметкерін ұрлап кеткен.

Сайлау «Талибан» радикалды тобының дауыс беруді тоқтату ниеті туралы мәлімдемесі аясында күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтаумен өтті. Алайда, өткен екі аптада болған терактілер сияқты  ірі әрекеттер туралы хабарлама болған жоқ.  Қыркүйек айында ондаған адам бірнеше терактінің құрбандары болды,олар үшін жауапкершілікті «Талибан» өзіне алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *