НҰР-СҰЛТАН, 02 қазан. Воронеж облысының тұрғынына «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымын қаржыландырды деген кінә тағылып, Мәскеу сотымен 3 жылға қоныс колониясында жазасын өтейді деген үкім шықты. Бұл туралы Воронеж облысының прокуратурасының баспасөз қызетіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды.
Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, әйел адам 2015 жылдың қараша айында Мәскеу облысының Реутов қаласында болып, Сирия Араб Республикасының аумағына «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) басшылығымен қаруланған заңсыз құралым қатарына кіру және қатысу үшін адамдарды жіберетін кісіге 31,5 мың рубль аударған.
Қаражат сотталған азаматшаның жұбайын қаруланған заңсыз құралым қатарына тартуға арналған делінген.
Әйел терроризмді қаржыландыру туралы бап бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Жазасын қоныс колониясында өтейді.
Сотталған үш баланың анасы. Сот шешімі бойынша балалар әжесінің қамқорлығына берілді.