НҰР-СҰЛТАН, 02 қазан. Кения полициясы рейд барысында Момбастың оңтүстік маңында үш лаңкестің көзін жойып және жетеуін қамауға алды, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Полицияның хабарлауынша, лаңкестер бірнеше теракт және басқа да «қылмыстық әрекеттер»жасауды жоспарлаған.
Рейд барысында суық және атыс қаруы, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, полиция және әскери киім тәркіленді.