НҰР-СҰЛТАН, 02 қазан. Қазақстан Үкіметі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі келісіміне енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп жазады Zonakz.
«2000 жылғы 30 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің есірткі заттарының, психотроптық заттары мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын. 2000 жылғы 30 қарашадағы есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын», — делінген сейсенбі күні ұсынылған үкімет қаулысында.
Қазақстаннан басқа құжатқа қол қоюшылар қатарында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина көрсетілген.