Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстанның Қаржы барлау қызметі лаңкестердің қызметін қадағалау жүйесін дайындады

НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан. Қырғызстан Қаржы барлау қызметі салық қызметімен бірлесіп санкциялық тізбелерді қолданудың электрондық жүйесін және заңды тұлғалар туралы ақпаратты қалыптастыру мен пайдаланудың жүйесін әзірледі, деп «Кабар» сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.

Бірінші жүйені пайдалану Қырғызстанның және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің террористік және экстремистік әрекеттерге қатысатын адамдар мен ұйымдардың тізімін қамтитын санкциялық тізбелерін тиімді және жылдам тексеруге мүмкіндік береді.

Ал екіншісін енгізу-мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және мүлікті рейдерлік басып алуға қарсы әрекет ету мақсатында.

Бұл электрондық ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және енгізуге мемлекеттік ақша жұмсалмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *