НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Немістің Лимбург-ан-дер-Лан қаласында (Гессен федералды жері) жүк көлігі қатысуымен болған оқыс оқиға террористік акт ретінде қарастырылады.Бұл туралы ZDF телеарнасына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Тергеу жұмыстарын Франкфурт-на-Майне прокуратурасы өткізуде. 30 жастағы күдікті Германияға Сириядан келгені белгілі.
Жеті зардап шеккен адам дәрігерлердің бақылауында, олардың біреуі ауыр халде жатыр.
7 қазанда Лимбург-ан-дер-Лан қаласында жүк көлігі бағдаршамда тұрған автомобильдерді соқты. 16 адам зардап шекті. Жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, ол көлік құралын айдап әкеткені белгілі болды.