Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан Ирактан 14 баланы қайтарып алмақ

НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Елордада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың басында Қазақстан арнайы «Жусан» операциясын жүргізген болатын. «Жусан» операциясы – Қазақстан осы адамдардың (кезінде Сирияға кетіп қалған азаматтардың – авт.) үйі екенін көрсетті. Операцияның арқасында елге 600-ге тарта адам қайтарылды. Олардың 406-ы бала. Олардың бәрі де оңалту шараларынан өтіп, қазақстандық қоғамға бейімделді. Қазіргі уақытта Ирактан 14 баланы қайтару бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың аналары сол жақта өмір бойы бас бостандығынан айырылған», — деді ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді отырыс барысында.

Министрдің айтуына қарағанда, Қазақстан мұндай гуманитарлық акцияларды жүргізіп жатқан әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі.

«Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», — деді ол.

Еске салайық, «Жусан» гуманитарлық операциясы — ауқымды акция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. С

ириядан қазақстандықтардың алғашқы легі биылғы 6 қаңтарда елге жеткізілген болатын.

7-9 мамыр күндері аталмыш елден Қазақстанның тағы 231 азаматы оралды.

Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан елімізге жалпы 357 бала қайтарылды. 28-31 мамырда «Жусан» арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі өткізілген еді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *