ҚАРАҒАНДЫ, 14 қазан. Терроризм актiсi туралы жалған хабарлама берген 47 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлады.
13 қазан күні сағат 14:30 шамасында «102» нөміріне Қарағанды қаласы Ленин көшесінің бойында орналасқан кафелердің бірінде белгісіз азамат ғимаратты жарамын деп қорқытқандығы туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орынына барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орынында 47 жастағы азамат анықталы. Ол өзінің қол сөмкесінде «жарылғыш зат» барын және шамамен 15 минуттан соң «жарылатындығын» айтқан. Оқиға орны қоршауға алынып, ғимараттан 2 адам эвокуацияланған. Полиция қызметкерлері қол сөмкені қарап, онда ешқандай жарылғыш зат жоқ екенін анықтады», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 27- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.