Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шу ауданының тұрғынынан 56 келіден астам марихуана тәркіленді

ТАРАЗ, 17 қазан. Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Жаңажол ауылының 40 жастағы тұрғынынан 56 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдікті «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Шу ауданы Бесқатын учаскесінің алдындағы аймақта қолға түскен. Есірткі өткізуші ашронды (есірткі сақтау орнын) қазу кезінде жалпы салмағы 56 келі 800 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты бар төрт қап табылған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Каннабистік топтағы есірткіні дайындаумен және шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған «Көкнар-2019« жедел алдын алу іс-шаралары құрамында есірткі бар өсімдіктердің жетілу кезеңінде жоғары белсенділікпен жүргізіледі»,-дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *